БҚО-да қала мен бес ауданда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да қала мен бес ауданда төтенше жағдай жарияланды

16.03.2023

Батыс Қазақстан облысында қала мен бес ауданда төтенше жағдай жарияланды. Бөрлі ауданының Ақсай қаласы мен Ақбұлақ, Кеңтүбек ауылдары судың ортасында қалды.

Ақсай қаласының Қызылтал, Аралтал шағынаудандарының тұрғындары екі орта мектептегі эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Облыс бойынша көшірілген тағы 200-ге жуық адам тума-туыстарының үйін паналап отыр. Қазір ауылдарда су сорылып жатыр. Сондай-ақ өңірдегі өзендердің деңгейі және саяжай аумақтары үнемі бақылауда.

Қоныс Сәуленов, Ақсай қаласының тұрғыны:

Осы арада он шақты жылдан бері тұрамыз. Бірақ мынадай су тасқынын ешуақытта көрген жоқпыз. Бізде бұрын мына жерде сай болды. Сол сайды ашып жібереді, сонымен ағып кететін еді. Қазір мында дамба салды, соның себебі ме деп ойлаймыз. Мынадай су алмайтын еді. Қазір аула, қора су үйге кіріп жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу