Мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесті
Алдымен Анадолы елінен ақпар. Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне барған Мемлекет басшысы алдымен Түркия президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаевты Реджеп Тайип Ердоған Кулие резиденциясының алдында қарсы алды. Жылы жүздесіп, ұзақ қол алысқан көшбасшылар кейін екі жақты кездесу өткізді. Қазақстан басшысы, ең алдымен жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты. «Түркия – әрқашан қиындыққа қарсы тұра білген мемлекет. Сіздер мол тәжірибе мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықты еңсеріп шығасыздар деп сенемін, – деді Президент. Ал Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09