Банк дағдарысы Еуропаға да жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк дағдарысы Еуропаға да жетті

16.03.2023

Швейцария орталық банкі әлемдік банк дағдарысына жол бермеу үшін әйгілі Credit Suisse банкін құтқаруға/ 54 миллиард доллар жұмсайтынын жариялады. Осы хабардан кейін акциялар бірден 30 пайызға өсті. Германия, Франция мен Ұлыбританияның негізгі банктерінің құнды қағаздары да қымбаттай бастады. Өйткені инвесторлардың АҚШ-та басталған банк дағдарысы Еуропаны шарпиды деген қорқынышы сейілген. Credit Suisse-тегі қаржы тапшылығы проблемасы Америка қаржы нарығындағы ахуалға дейін басталған. Ал, Сауд Арабиясының ұлттық банкі қаржы салмайтынын мәлімдегеннен кейін Credit Suisse-тің жағдайының қиын екені бүкіл әлемге жария болды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу