Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр

16.03.2023

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр. Наразылық акциясына қатысушылар соңына дейін күресуге бел буған. Шеруге зейнеткерлер, болашағына алаңдаған жастар мен түрлі сала қызметкерлері қатысып жатыр. Олар президент Эммануэль Макаронның зейнетке шығу жасын 2 жылға ұзарту туралы жоспарына наразы. Қоғамның қарсылығына қарамастан даулы заң жобасы қазір парламентте талқыланып жатыр. Дегенмен ол жақында қабылданбайтын секілді. Депутаттар арасында құжатқа қатысты ортақ пікір жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу