Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

15.03.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерге объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, қауіптің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу