Жетісу облысында 60 жанұя қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 60 жанұя қоныс тойын тойлады

15.03.2023

Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында мемлекеттік бағдарламамен салынған 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Баспаналы болғандардың барлығы үй кезегінде тұрған азаматтар. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы аналар бар. Ескелді ауданының орталығында бірнеше жылдан бері көпқабатты үй құрылысы жүрмей, баспанаға мұқтаждар саны 1300-ге жеткен. Елді-мекенде алдағы уақытта тағы бір 60 пәтерлі үй пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, 8 көпқабатты үй салу үшін инженерлік-инфроқұрылым жүйелері тартылып жатыр.

Ұлжан Ботпаева, ауыл тұрғыны:

Өте қуаныштымыз. 13 жылдан астам уақыт тұрғын үй кезегінде тұрдық. Шүкір, бүгін осындай қуаныш бұйырып, қоныс тойын тойлап жатырмыз. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр шаңырақта осындай мереке, береке болсын!

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу