Қазақстан ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетіне төрағалық етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетіне төрағалық етеді

15.03.2023

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғына биыл 45 жыл. Ал, Астана декларациясына 5 жыл. Осы айтулы даталарға орай қазан айында Қазақстанда халықаралық конференция өтеді. Оған жер-жерден медицина саласындағы мамандар қатысады. Бұл туралы Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетіне қарайтын тұрақты комитет отырысында айтылды. Айта кетейік, Қазақстан аталған комитетке биылдан бастап төрағалық етеді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Бүкіл дүниежүзінің басты мамандарының өз ауыздарынан денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды, олардың жеңістерін, жетістіктерін немесе алға қойып отырған міндеттерін естиміз. Оның өзі біздің денсаулық сақтау саласына үлкен серпін береді деп ойлаймын.
Ханс Клюге, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры:
Қазақстан ДДҰ-ның медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша астанасы. Өйткені аталған бағыттағы жұмыс 1978 жылы дәл осы елден басталды. Бүгінде Есік қаласында ашылған демонстрациялық алаңға басқа да елдерден мамандар келіп, тәжірибе жинақтап жүр.
Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу