СҚО-дағы оқу орындарының қауіпсіздік шараларына 230 миллион теңге бөлінбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы оқу орындарының қауіпсіздік шараларына 230 миллион теңге бөлінбек

15.03.2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілмек. Петропавлдағы 4-ші мектепте болған оқиғадан кейін бұл мәселе ерекше назарға алынды. Естеріңізге сала кетсек, мектепке балта мен пышақ ала барған жасөспірім үш оқушыны жаралаған еді. Екеуі бір айға жуық ауруханада емделді. Қазір олар үйде, қашықтықтан білім алып жүр. Ал 15 жастағы күдікті екі айға қамалды. Осы оқиғадан кейін облыстағы 98 білім беру мекемесіне арнайы мамандандырылған күзет қойылмақ. Бұл үшін бюджеттен 230 миллион теңге бөлінеді. Балабақша, мектеп және колледждердің күзеті күшейтіліп қана қоймай, қосымша турникеттер орнатылады. Оған қосымша қаржы бөлінбек.

Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

Наурыз айының соңына дейін осы конкурстық шаралар өтеді. Осы мақсатқа қосымша 65 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылып жатыр.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу