Сайлау жүйесі жаңғырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау жүйесі жаңғырып жатыр

14.03.2023

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Сайлау жүйесін жаңғырту Президенттің бір жыл бұрын халыққа арнаған жолдауындағы басты мәселелердің бірі.

Депутаттардың партия атынан сайлауға түсуі халықтың саяси науқанға деген қызығушылығының күрт төмендеуіне түрткі болды. Сондықтан президент былтыр үкіметке аралас сайлау жүйесін енгізуді тапсырған. Енді биылдан бастап мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялардың атынан, қалған 30 пайызы өзін-өзі ұсыну арқылы сайланады.

Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Қазір ел, халық бір серпіліс үстінде. Өйткені, өзінің таңдаулы азаматтарын іріктеп, сайлай алады. Сондықтан да, бұл да жақсы нәрсе. Билік пен халық біртұтас болуы керек. Билік халықты тыңдау керек. Халық өзінің биліктегі ақылды, ойлы, парасатты, іскер депутаттарына жүктеу керек.

Жолдауда үміткерлердің бұқарамен байланысын барынша жақсарту мақсатында әлемеуметтік желіде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге де заң бойынша рұқсат беру керектігі айтылған. Сондай-ақ, партиялардың парламентке өту шегі төмендеді.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ директорының орынбасары:

Одан бөлек, қазір парламентке өтетін партиялар жаңа шек бойынша өтеді. Яғни, өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді. Үшіншіден, не себептен аймақтағы сайлау комиссияларының жұмысын жетілдіру керек? Биыл біз шілде айында экспериментті түрде аудан әкімдерін сайлаймыз. Одан бөлек біз мәслихаттарды қалалық және аудандықты біз 100 пайыз мажоритарлық жүйемен, облыстықты 50/50 пайызбен, яғни ол жерде бір мандатты округтерден сайланатын кандидаттар көп болғаннан кейін аймақтық жұмыс істейтін сайлау комиссиялары өте кәсіби болуы керек.

Бұған қоса, кандидаттарға теңдей мүмкіндік беріліп, саяси науқан барысында олар жайлы ақпарат бұрынғыға қарағанда бұқараға әлдеқайда жылдам әрі оңай таралады. Сайлау ашық әрі әділ өтуі үшін сайлауалды штабтардың жұмысы жетілдіріліп, азаматтардың саяси шарада белсенділік танытып, дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

Назым Қайрат

Хабарламаларға жазылу