Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімін қабылдады

14.03.2023

Президент Жетісу облысының әкімін қабылдады. Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысына өңірдің даму көрсеткіші туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды. Кездесу барысында облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларына баса назар аударылды. Атап айтқанда, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, ауыл шаруашылығы айналымына қосу, ирригация жүйелерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жол инфрақұрылымының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйі сөз болды.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, оның ішінде қант өндірісі мәселесін басты назарда ұстау жөнінде тапсырма берді. Және де облысымыздағы мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан, болмаса бос жатқан ауыл шаруашылық жерлерін қайтарып, экономикалық айналымға түсіру туралы нақты тапсырмалар берді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу