Бельгияда Еуропалық Одақ пен Қазақстан ғаламдық энергетикалық диалогы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда Еуропалық Одақ пен Қазақстан ғаламдық энергетикалық диалогы өтті

14.03.2023

Еуропалық Одақ пен Қазақстан ғаламдық энергетикалық диалог аясында ынтымақты күшейтуге ниетті. Бұл туралы Брюссельде өткен қос тараптың энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитеттің 6-отырысында мәлім болды. ЕуроОдақ тоқты үнемдеу, энерготиімділікті арттыру, климаттың өзгеруімен күресте Қазақстанмен байланысты бекемдеуге бейім. Біздің ел 2030 жылға қарай баламалы энергия үлесін қазіргі 4,5 пайыздан 15 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Ол үшін еуропалықтар бар тәжірибесімен, технологиясымен бөлісуге дайын.

Андреа Росси, Еуропалық Сыртқы істер қызметінің орталық азия бойынша бөлім басшысының орынбасары:

Жасыл экономикаға көшу Еуроодақ пен Қазақстан үшін басым бағыт. Былтыр қос тарап шикізат материалдары туралы меморандумға қол қойды.Биыл енді соны жүзеге асыруға бағыталған жол картасын бекітуді жоспарлап отырмыз.

Талғат Қарашев, ҚР Энергетика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

Мысалы көмірді азайтып, экологияға залалын келтірмейтін энергетиканы қолдану үшін қандай технологиялар бізге пайдалы болады. Осындай мәселелерді көтердік. Еуропа Одағының эксперттері Қазақстанға келіп тағы да жұмыс жасаймыз деп отыр.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу