Батыс Қазақстан облысында тағы екі ауданды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында тағы екі ауданды су басты

14.03.2023

Батыс Қазақстан облысында тасқынға байланысты тағы екі ауданда - Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Аймақтағы Бөрлі, Сырым, Қаратөбе аудандарында 149 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Судың ортасында қалған үш жүз бас мал ауылдан сыртқа шығарылды. Бөрлі, Сырым, Теректі аудандарында 48 үйді су басты. Республикалық, облыстық, жергілікті маңыздағы 24 жолды қарғын су шайды. Тасқынға қарсы тұру үшін Атырау және Маңғыстау облыстарынан 101 маман арнайы техникаларымен көмекке келді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу