Алдағы Мәжіліс және мәслихат сайлауында Астана мен Алматы сайлаушыларына төрт түрлі бюллетень беріледі. Ал, қалған аймақтарда бесеу болады. Өйткені, кейбір өңірлерде қалалық және аудандық мәслихаттар сайлауы болады. Бұл туралы «Адал сайлау үшін» қоғамдық штабының өкілдері айтты. Сайлаушылар қателік жасамас үшін бюллетеньдер әр түрлі түсте болады. Сондай-ақ, бюллетеньдердің көптігіне байланысты бірнеше дауыс беру жәшігі де қойылуы мүмкін. Одан бөлек, бір мандатты округтік үміткерлерді таңдауға байланысты есептен шығару қағаздарының бірнеше түрі беріледі.
Думан Жампейісов, «Адал сайлау үшін» қоғамдық штабының мүшесі:
Өйткені біз білеміз бір мандатты округ бір облыспен тең болуы мүмкін. Сол облыстың ішінде жүретін болса онда бір округтің ішінде жүр деп есептеледі. Егер ол мүлде басқа өңірге барамын десе парламент мәжілісіне партиялық тізім бойынша дауыс бере алатын мүмкіндігі болады.
Амангелді Сейітхан