Батыс Қазақстанда Амал мерекесі тойланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда Амал мерекесі тойланып жатыр

14.03.2023

Батыс аймақтар бүгін Амал мерекесін тойлауда. Маңғыстаулықтар мерекені Қаратаудың ең биік шоқысы – Отпан таудың басында атап өтіп жатыр. Әріптесім Аягөз Оралбайқызы сәні мен салтанаты жарасқан шараның бел ортасында жүр, Аягөз, мереке қалай өтіп жатыр?

Аягөз Оралбайқыз, тілші:

Рахмет, әріптестер, мереке құтты болсын. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып, деп Абай атамыз айтқандай, Маңғыстауда қазір дәл осы көрініс болып жатыр. Жұрт қыстан аман-есен шығып, бір-бірімен қауышқанына қуанып, қол алысып көрісуде. Амал мерекесіне келген адам көп. Шетелден келген ғалымдар да бар.

Маңғыстаулықтар үшін киелі, тарихи жер - Отпан тауда 30 дан аса мәдени және спорттық шара жоспарланған. Ошақ бәйге, қазақ күресі, көкпар, аударыспақ сияқты жарыстар кеше өтті. Сондай-ақ, бірлік пен татулықтың белгісіне айналған "Бірлік" оты жағылды. Ал қазір тазы жүгірту, бүркіт салу және тай жарыс болып жатыр. Содан кейін аламан бәйге болады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу