Түркияның Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің саммиті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің саммиті өтеді

13.03.2023

Осы аптада Түркияның Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымнына мүше елдердің саммиті өтеді. Халықаралық жиында жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас елге қолдау көрсету, ұйымға мүше елдердің ынтымақтастығын арттыру жайы талқыланбақ.

Ұйымның заты да өзгерді. Оған дәлел ретінде, соңғы екі саммиттен кейін біздің ұйымға түрлі мемлекеттерден ынтымақтастық туралы ұсыныстар түсе бастады. Көп жерлерде біздің ұйым жайында түрлі мақалалар шығып, ұйымның атқарған істері, соңғы Самарқанд саммитінің нәтижесі туралы, ұйымның жүзеге асырған жобалары жайлы көптеген оң пірікрлер айтылды. Осының бәрі ұйымның аты ғана емес заты да өзгергенін білдіреді.

Экономика біздің ұйым үшін өте маңызды. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер экономикалық жағынан бір бірімен тығыз байланыста болса, мыңдаған жылдардан бері келе жатқан біздің қарым қатынасымыз одан да күшейе түседі. Экономиканың түрлі бағытында жобалар жүзеге асып жатыр. Туризм, сауда саттық, кеден жағынан бірлескен жобаларымыз бар. Одан бөлек ортақ инвестициялық қор құрылды. Бұл туралы мемлекет басшылары ортақ келісімге келді.

Бұл соңғы 100 жылдағы ең үлкен апат. Жер сілкінісінен кейін жүздеген ұйым көмекке келді. Біздің ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары хабарласып, көңіл айтты. Апаттың екінші күні құтқарушылар, дәрігерлерден бөлек азық түлік киім кешек сияқты гуманитарлық көмек те жеткізілді. Бауырлас түркітілдес елдерден келген осындай көмектің түрік халқы үшін орны ерекше. Жүректерін жылытты. Енді 16 наурызда Анкарада осы апатқа байланысты біздің ұйымға мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитті өтеді. Осы жиында Түркияға көрсетілетін көмек бойынша шешім қабылданады.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу