Сайлау-2023: Ең көппартиялы парламент болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2023: Ең көппартиялы парламент болуы мүмкін

13.03.2023

«Алдағы сайлау нәтижесінде ел тарихындағы ең көп партиялы парламент пайда болуы мүмкін». Бұл туралы Еуразиялық интеграция институты жанындағы «Ашық саясат» сараптамалық клубының отырысында айтылды. Әлеуметтанушы мамандардың болжамына сай, кандидаттардың үгіт-насихат науқанында белсенділік танытуы Қазақстан парламентінің жаңа кезеңге бет бұрғанын білдіреді. Ал азаматтардың саяси науқанға деген сенімін арттыру үшін оның барынша әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету қажет.

Арман Ешмұратов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

Жалпы енді бізде 7 саяси партия. Саяси партиялық тізіммен енді бір жоқ дегенде 4 партия өтетін шығар деп ойлаймын. Саяси жүйе барынша ашық боп келе жатыр. Адамдар айтқан ойын айтып жатыр. Кандидаттар ойларын жеткізіп жатыр. Кім қандай әдемі саяси продукты әкеледі? Сол жеңеді.

Назым Қайрат

Хабарламаларға жазылу