Америкада «Эс-ви-би» банкінің күйреуі Азия нарығына кері әсер етіп отыр. Бүгін таңертең Токио биржасында жүздеген компания акцияларының орташа бағасын көрсететін «Никкей» индексі 0,92 пайызға төмендеді. Құнды қағаздарға сұраныстың азайғаны Сеул, Сидней биржаларында да байқалды. Дегенмен, АҚШ үкіметі 2008 жылдан бергі ең ірі банк дағдарысының зардабын жеңілдетуге уәде беріп отыр. Сондықтан, Гонконгтің «Хан-сен» индексі 0,5 пайызға көтерілген.
Арыстан Рысбек