Шавкат Рахмонов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Рахмонов елге оралды

13.03.2023

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов елге оралды. UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізген отандасымызды Алматы әуежайынан жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. Спортшы жиналғандарға алғысын білдіріп, біраз тыныққан соң келесі жекпе-жекке дайындалатынын жеткізді. Еске салайын, жерлесіміз америкалық Джефф Нилды үшінші раундта қылғындыру әдісімен тізе бүктірді. Рахмонов кәсіби мансабындағы 17 жекпе-жегінің барлығын уақытынан бұрын аяқтаған.

Шавкат Рахмонов, спортшы:

Ондай рейтингіге барудың өзі абырой. Оған бару оңай емес. Әрдайым одан ары қарай қарсыластарым оданда мықты болады. Әрине, мен оған дайын болдым.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу