«Навальный» фильмі «Оскар» жүлдесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Навальный» фильмі «Оскар» жүлдесін алды

13.03.2023

Лос-Анджелесте әйгілі «Оскар» жүлдесін тапсыру салтанаты өтіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, канадалық режиссер Дэниел Роэрдың «Навальный» атты картинасы «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Айта кетейік, «Оскар» биыл 95-ші рет табысталып отыр. Салтанатты рәсімді жүргізуге америкалық сценарист, сықақшы және актер Джимми Киммел таңдалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу