Париж көшелері шеруден кейін қоқысқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж көшелері шеруден кейін қоқысқа толды

13.03.2023

Франция астанасы Париждің көшелері қоқысқа толып жатыр. Қалада мұндай жағдайдың қалыптасуына зейнетақы реформасына қарсы шерулер себеп болған. Президент Эммануэль Макрон үкіметі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке дейін көтеріп жатыр. Сондықтан, миллиондаған адам шеруге шықты. Салдарынан коммуналдық кәсіпорындардың да жұмыс тоқтаған. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, жаппай наразылыққа қарамастан, француз Сенаты даулы заңды қабылдады.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу