Сауд Арабиясы Азия мен Еуропа үшін мұнай бағасын көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы Азия мен Еуропа үшін мұнай бағасын көтереді

12.03.2023

Сауд Арабиясы сәуірде Азия мен Еуропа үшін мұнай бағасын көтереді. Бұл туралы осы аптада Bloomberg халықаралық агенттігінде жарияланды. Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясы негізгі маркасы Arab Light-тың баррелін 2,5 долларға дейін қымбататпақ. Бұл наурыздағы көрсеткіштен 50 центке жоғары. Солтүстік-Батыс Еуропа мен Жерорта теңізі аймағы үшін 1,30 долларға өсірген. Ал АҚШ үшін баға өзгермепті.

Сауд Арабиясының Азия мен Еуропа үшін мұнай бағасын өсіру себебі: табысты ұлғайту, - дейді экономистер. Соңғы жылдары мұнай құны құбылып кетті. Кезінде баррелі 145 долларға сатылса, кейін 81 долларға дейін түскен еді. Ресей мұнайының тасымалы мен бағасына шектеу қойылғаны нарыққа әсер етпей қоймады.Пандемия даауыр соққы болған. Енді коронавирустан кейін ес жия бастаған Қытайда мұнайға сұраныс артып отыр.

Мақсат Сералы, экономист:

Қытай мемлекеті қазіргі таңда қарқынды түрде экономикалық даму процессіне көшті. Экономикасы қарқынды даму үшін мұнайда жоғарғы бағамен сатып алуға да мүмкіншілігі жеткілікті. Сондықтан бұл сұранысты қолдана отырып, сұранысты көре отырып Бірікке Араб әмірліктері өздерінің мұнайын жоғарғы бағамен сатуға тырысады. Ал қазіргі таңд ажалпы тенденцияны алып қарайтын болсақ Қытай мұнайды тұтынатын мемлекеттердің бірі Қазақстаннан және Ресейден алатын. Ресейде қазіргі таңда бірқатар санкциялардың әсерінен сондықтан бұл жерде сұраныс туындап отыр.

Қазақстан Қытайдан басқа Азия елдеріне мұнай тасымалдамайды. Басты бағыты – Еуропа. Азиядағы негізгі ойыншылар Сауд Арабиясы мен Ресей болғандықтан, бұл жағдай Қазақстанға қатты әсер етпеуі тиіс, - дейді экономист.

Мақсат Сералы, экономист:

Біздегі мұнайдың сапасы және көлемі ол әлдеқайда төмен. Әлемдік нарыққа белгілі бір деңгейде әсерін тигізу немесе әлемдік мұнай нарығында өзінің бір ерекше орны бар десек ол қате пікір. Сондықтан біздің мұнайымыз мүлдем басқаша сәйкесіне тұтынушы нарығы да басқаша.

Хабарламаларға жазылу