Наурыз мейрамы Түркістанда 10 күн бойы тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мейрамы Түркістанда 10 күн бойы тойланады

11.03.2023

Наурыз мейрамы биыл Түркістанда 10 күн бойы он түрлі атаумен тойланады. Бүгін онкүндіктің алғашқы шарасы «Наурыз — тазалықтың айнасы» атауымен, сенбіліктен басталды.

«Әр отбасыдан — бір ағаш» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар тал егіп, айналаны күл-қоқыстан тазартты. Түркістаннан бастау алған шара өңірдегі 17 аудан мен қала орталықтарында, барлық елдімекендерде жалғасын табады.

Гауһар Жораева, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны:

Тал егу, ауыл көгереді. Әдемі болады. Мына елмен жабылып, осыны егіп отырмыз. Болашақта осы балаларымызға тал қалады. Еліміз көк болса, ауа райы тазаланады. Экологиямыз жақсы болады.

Жәнібек Әлібеков, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны:

Әлібековтар отбасы ауылымызды көркейтуге үлес қосып жатырмыз. Ауылымыз көркейе берсін. Атаңнан мал қалғанша тал қалсын дейді. Жастарымыз барлығы үйыстіп ексе жақсы болады.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу