Күн мың құбылып тұр қазір. Қазақстанның бірнеше өңірінде тасқын болуы мүмкін. Қазгидромет таратқан хабарламаға сәйкес, 12-14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда нөсер жауын жауады. Ал Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр күтілуде.
Сондай-ақ күн жылуына байланысты қар еріп, өзендер арнасынан асуы мүмкін.
Серік Селеубай