Түркияда сайлау күні нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда сайлау күні нақтыланды

10.03.2023

Түркияда маусымның 18-де өткізуге жоспарланған президенттік және парламенттік сайлау ресми түрде мамырдың 14-не белгіленді. Мұндай шешімге президент Режеп Тайып Ердоған қол қойды. Рәсім теледидардан тікелей эфирде көрсетілді. Мұның алдында көпшілік ақпанда болған жойқын зілзаладан кейін сайлау мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін деп болжаған еді. Дүйсенбіде Түркияның алты партиядан тұратын негізгі оппозициялық партиясы президенттікке басты үміткерін атады. Республикалық халық партиясының лидері Кемаль Кылычдароглу, Режеп Тайып Ердоғанмен бәсекеге түседі.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу