Астанада қаржы сауаттылығын арттырғысы келетіндерге арналған «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапта инвестициялаудың қарапайым тәсілдері, ақшаны көбейтудің, қаражатыңызды жоспарлаудың және биржалық сауданың әртүрлі құралдары басылған. Мақсат – қаржылық сауатты арттыру, дейді авторлары. Олар еңбекті жазу барысында 87 инвестициялық кітапты талдағандарын айтты.
Ерқанат Әбени, «Инвестиция әліппесі» кітабы авторларының бірі:
Қазір қор нарығы туралы ақпарат жоқ қазақ тілінде. Орысша, шетел тілінде барлық кітаптар. Содан кейін инфоцыгандар, пирамида деп жатамыз сол қаржылық сауатты көтеру үшін кітап шығардық.