Александр Лукашенко өлім жазасы туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Лукашенко өлім жазасы туралы заңға қол қойды

10.03.2023

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктер мен әскерилерді өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойды. Құжатта сонымен бірге терроризмді насихаттағандарды, елдің Қарулы күштерінің беделін түсіргендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Беларусь президентінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, құжаттың негізгі мақсаты – экстремистік бағыттағы қылмыстарға қарсы іс-қимылды күшейту.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу