Ұлытау облысында сайлаудың басты ерекшеліктері түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында сайлаудың басты ерекшеліктері түсіндірілді

10.03.2023

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс беру құқығы бар азаматтар саны 12 млн-нан асты. Додаға түсетін партиялар мен кандидаттар да аз емес. Мысалы, Астана, Алматы секілді ірі қалаларда бір округке 40-тан астам үміткер тіркелген. Саяси науқанды тиісті деңгейде өткізу үшін сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру маңызды. Осы мақсатта республиканың әр өңірінде ұйымдастырылып жатқан көшпелі семинар кеңес бүгін Ұлытау облысында жалғасты. Шара барысында сайлау комиссияларының мүшелері мен кандидаттардың сенімді өкілдеріне алдағы саяси науқанның басты ерекшеліктері түсіндірілді.

Сабила Мұстафина, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Саяси науқан «Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес өтуі керек. Семинардың пікіралмасу форматында өтетін екінші кезеңінде осы талаптар талқыға түседі. Онда дауыс беру процесін өткізу аспектілері мен сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметі туралы да пікір алмасамыз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу