Театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестің алғашқы отырсы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестің алғашқы отырсы өтті

06.06.2015
Театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестің алғашқы отырсы өтті

Кеңеске еліміздің өнер саласына еңбегі сіңген азаматтар мен өнер ұжымдарының басшылары қатысты.

Шығармашылық зиялы қауым өкілдері репертуарды, гастрольдік қызметті қалыптастыруды және кадр саясаты мәселелерін шешуге бағытталған тұғырнаманы, бар мәдени саясатты іске асыру, сондай-ақ, облыстық театрлар мен музыка ұйымдарының кадр саясаты мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Еске сала кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан көркемдік кеңесті құру өткен жылдың қарашасында ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген еліміздің мәдени саясатының тұжырымдамасында көзделген болатын.

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:

Негізгі мақсат жақсы кино, жақсы спектакл шығаруымыз керек. Осыны қалай шығару, қай тарапта, кімдер шығару керек?. Сол мәселе осы жерде айтылады. Айтылған сөзбен жақсы спектакль шығара алмайсын, бірақ соны осы жерде талқылау. Міне соның барлығын енді көркемдік кеңес шешіп отыратын болады. Қеңес Мәдениет минситрлігі жанынан құрылды.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу