Мемлекеттік мекемеге жұмысқа тарту механизміне өзгеріс енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік мекемеге жұмысқа тарту механизміне өзгеріс енгізілмек

09.03.2023

Енді мемлекеттік мекемелер келісімшарт негізінде мамандарды жұмысқа тарта алады. Бірақ, тек бір жылға ғана. Бұл туралы Сенат отырысында Мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты.

Жазықбаевтың сөзінше ұлттық және өзге де маңызды жобаларды іске асыру үшін арнаулы білімі бар, кәсіби мамандарды жұмысқа тарту көзделіп отыр. Және олар мемлекеттік қызметкер санатына кірмейді. Агенттік төрағасы таяу уақытқа жоспарланған ұлттық жобалардың саны көп екенін де айтып қалды. Ал келісімшарт бір жылға немесе жобаны іске асыру уақытына жасалады.

Сонымен қатар агенттік мемлекеттік қызметкерлердің әр өңірге ауысып, жұмыс істеуін ынталандырмақ. Ол үшін ротациялық төлем енгізіледі. Бұл тұрғын үй жалдап тұру үшін беріледі. Бұдан бөлек агенттіктің сөзінше қазіргі таңда кей мекемелерде басшылардың саны қарапайым қызметкерлерден көп. Бұны реттеу үшін штат санын әр мекеме өзі емес, агенттік бұйрығы арқылы жасалмақ.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу