Қазақстандықтар 1,6 миллиард долларын шет елде сақтап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 1,6 миллиард долларын шет елде сақтап отыр

09.03.2023

Қазақстан азаматтар 1,6 миллиард доллар қаражатын шетелдегі депозиттерге салған. Мемлекеттік кірістер комитеті отандастарымыз қай елдерде сақтайтынын жария етті. Кірістер мен мүлік туралы декларацияндағы дерек бойынша, 354 жеке тұлғаның шетел банктерінде шоты бар. Оның ішінде, 138-і – лауазымды тұлғаларға тиесілі. Ал ақшаның жалпы сомасы – 529 млрд теңгеден асады. Ең көп қаражат Біріккен Араб Әмірліктеріндегі банктерде сақталған. Мұнан соң Сингапур және Швейцария тұр.  

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу