Иранда оқушы қыздар жаппай уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда оқушы қыздар жаппай уланды

07.03.2023

Иранда оқушы қыздардың жаппай улануына қатысты елдің рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей мәлімдеме жасады. Ол мұны «кешірілмес күнә» деп атады. Оған әдейі барғандарды өлім жазасына кесу қажеттігін ескертті. Жауыздық әрекеттер Иранның түрлі провинциясындағы 30 мектепте тіркелген. Дегенмен, бұл қастандықты кім ұйымдастырғаны белгісіз. Ислам Республикасы басшылығының болжамынша, оны Иранның «дұшпандары» жасаған. Алайда, кейбір саясаткерлердің пікірінше, бұл қылмыстың артында қыздардың білім алуына қарсы діни топтар тұруы да ықтимал. Елде қараша айынан бері мыңнан аса қыз бала уланған.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу