Жылқыға алғаш рет 6 жасында мініп, кейін бүкіл ғұмырын ат спортына арнаған жан. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ирина Коротаева 35 жылдан бері осы салада жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүр. Ал Түркістан тумасы Айзада Мейірбанова темір тұлпардың қыр-сырын жақсы біледі.
18 жасынан асау үйретіп, талай бәйгеде оза шапқан Ирина қазір көңілге түйгенін өзгелерге үйретіп жүр.
Ғалия Қасымова, Петропавл қаласының тұрғыны:
Ат клубына келгенімізге 2 жылдан асты. Бірінші жолдасым бастады, одан кейін балаларды әкеліп, соңдарынан мен де келдім. Ирина Владимировна
жылқымен жаттығуды үйретіп жатыр.
Жаттықтырушыны бірнеше рет басқа салаға жұмысқа шақырыпты. Бірақ жастайынан жылқының жалын тартып мінген Ирина жүйріктерін қимаған.
Эльмира Кәленова, тілші:
Ирина Коротаеваның иелігінде 4 жылқы бар. Мәселен мен ерттеген мына «Браслет» сонау Ақмола облысынан әкелінген. Жаттықтырушының айтуынша жылқының мінезі жуыс, сондақтан да балаларды үйретуге ыңғайлы. Ал жүрісі жайлы екен.
Бұл – Тихон. Жалы төгілген ала жылқы ерекше көз тартады. Атбегі әйел әр жануардың бабын бес саусақтай біледі.
Ирина Коротаева, жаттықтырушы:
Колледжде ат спорты бойынша оқып, диплом алған соң соң туған жерде еңбек жолымды бастадым. Жылқының адам жанынан айырмашылығы жоқ, өте сезімтал жануар. Атқа міну денсаулыққа пайдалы. Жақында иппотерапия курсын ашпақпын.
Ал Айзада Мейірбанова темір тұлпардың тілін жақсы біледі. Түркістан облысының тұрғыны 20 жылдан бері көлік жөндеумен айналысады.
Айзада Мейірбанова, көлік жөндеуші:
1994 жылы мектеп бітірдім. Оқуға түсетін жағдай жоқ. Сомен біз базарда сауда жасауға шыққанбыз. 2000 мыңнан кейін біз вулканизация аштық. Мен сол жерде істедім, 12 жыл. 2012 жылы жауып ол жақты осы салаға өттім.
Кез келген көліктің ақауын тауып, тез жөндеп беретін шебер жұмысын
Жүргізушілер жоғары бағалайды. Бұл станцияға алыстан арнайы келетіндер де бар.
Мұрат Бәкіров, Қызылорда облысының тұрғыны:
2005 жылдан бері осы Айзадаға келемін. Мәшинемді тастап кетемін. Істеп қояды. Азын-аулақ жері болса, бірден істеп береді. Ары-бері сандалтпайды. Запчастін де өзі әкеліп салып қояды.
Қабілет пен қызығушылық үйлессе кез-келген істі дөңгелетіп әкетуге болады, дейді Айзада. Ол енді дөңгелек ауыстыратын орталық ашуды көздеп жүр. Жоспары жүзеге асса білгенін жастарға үйретіп, жұмыспен қамтымақ.
Эльмира Кәленова