Жосалы-Жалағаш жолын су шайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жосалы-Жалағаш жолын су шайды

07.03.2023

Cырдария өзені арнасынан тасып, Жосалы мен Жалағаш аралығындағы жолды су шайды. Дегенмен, елді мекендер тасқыннан аман. Қазір екі аралықтағы трасса уақытша жабылды. Жалағаш ауданы аумағында кеше мұз сіресіп, мол су шабындық жерлерге жайылған. Бір қуанарлығы ауылдардың маңынан сең кедергісіз өтіп, Сырдариядан келетін қауіп сейілді.

Асылбек Оспанов, ауыл тұрғыны:

Адам бәрі аман болсын лайымда. Ешқандай су алмасын, тілегіміз сол ғой бізді. Бірақ, биыл мынау толық әйтеуір су. Не болғанда да. Бәрі түзелер, бәрі жақсы болып кетер.


Хабарламаларға жазылу