Жетісу облысында әртүрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында әртүрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге құрмет көрсетілді

07.03.2023

Жетісу облысында әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 500 әйелге құрмет көрсетілді. Олардың арасында қарапайым жұмысшылар, көпбалалы арулар бар. Салтанатты жиында демографияға өз үлесін қосып жатқан аналарға алтын және күміс алқа тағылды. Облыста 17 мыңға жуық әйел білім беру саласында, 7 мыңдай нәзік жанды денсаулық сақтау саласында қызмет етеді. Былтыр 400-ге жуық қыз-келіншек өз кәсібін ашып, бизнес жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Бейнегүл Жанаят, «Алтын алқа» иегері:

Мен енді өзім көпбалалы отбасыдан шыққанмын. Алты ағайынды, алты ұл екі қызбыз. Енді өзімде қазір төрт ұл үш қыз бар. Жалықпау керек. Жұмысты да қатар алып жүру керек. Бәріне үлгереді ғой әйел адам. Қыздың қырық жаны бар деген сияқты.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу