Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап, Ресей эстрадасының жұлдыздары мінген ұшақтар Елорда әуежайына келіп қонып жатыр.
Кешке «Астана Арена» стадионында «МУЗ-ТВ-2015: Гравитация» сыйлығы табысталады.
Астана - осы шараны қабылдаған алғашқы қала.
«Ресейдің ұлттық музыкалық сыйлығының Қазақстанда табысталуы - тарихи оқиға. Меніңше, көп адам бұл концертті ұзаққа дейін ұмыта алмайды. Біз де Қазақ жеріне керемет көңіл-күйде келдік», дейді ресейлік әнші Филипп Киркоров.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ