16 наурызда өтетін телевизиялық пікірсайыс кезінде сайлаушылар тікелей эфирде сұрақ қоя алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Республикалық телеарналардың бірінде өтетін сөзжарыстың регламенті белгілі. Ол 3 раундтан тұрады.
Бірінші раундта 2 кезең бар: Партия өкілдерінің саяси ұйым туралы ақпаратына берілетін уақыт: 2 минут. Екінші турда кандидаттар бір-біріне сұрақ қояды. Екінші раунд та екі турдан тұрады. Бірінші: «Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы сайлауалды тұғынамадағы басымдықтар туралы айтады. Одан соң сайлаушылардың сұрағына жауап береді. Үшінші кезең– сайлаушыларға үндеу жасайды.
Әр қатысушыға 2 минут беріледі. Пікірсайысқа «AMANAT» партиясынан Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев. «Байтақ» жасылдар партиясы Азаматхан Әміртаев «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Нұрлан Әуесбаев қатысады.
Асылбек Данияр