Хаменей: Қастандық жасағандар қатаң жазалансын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хаменей: Қастандық жасағандар қатаң жазалансын

07.03.2023

Иранда оқушы қыздардың жаппай улануына қатысты елдің рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей мәлімдеме жасады. Ол мұны «кешірілмес күнә» деп атады. Қастандыққа әдейі барғандарды өлім жазасына кесу қажеттігін ескертті. Айта кетейік елде қараша айынан бері мыңнан астам қыз бала уланған. Жауыздық әрекеттер Иранның 21 провинциясындағы мектептерде тіркелген. Ислам Республикасы басшылығының болжамынша, улау операциясын Иранның «дұшпандары» ұйымдастыруы мүмкін. Алайда, кейбір саясаткерлердің пікірінше, бұл оқиғаның ар жағында қыздардың білім алуына қарсы діни топтар тұруы да ықтимал.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу