Жапония бүгін ұшырған жаңа әрі орташа салмақты зымыранды жоюға мәжбүр болды. Өйткені ұшудан соң артынша оның моторы істен шыққан. Осылайша, Күн Шығыс елі ғарышқа зымыран жіберу жолындағы бәсекеде сәтсіздікке ұшырап отыр. Ұзындығы 57-метрлік ракета Тагешима айлағынан көкке самғаған еді. Ол Халықаралық ғарыш станциясына жүк апаруы тиіс болған. Тағы бір айта кететін жайт, бұл зымыран Солтүстік Кореядан төнген қауіпті дер кезінде анықтайтын инфрақызыл датчикпен жабдықталған.
Арыстан Рысбек