Жетісу облысында 3 мың метрден астам моноталшықты ау тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 3 мың метрден астам моноталшықты ау тәркіленді

07.03.2023

Жетісу облысында балық аулауға тыйым салынған 3 мың метрден астам моноталшықты ау тәркіленді. Аймақта ақпанның 24-і мен наурыздың 13-і аралығында «Браконьер» республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Табиғат қорғаушылар бүгінгі күнге дейін 80-нен астам экологиялық заңбұзу дерегін тіркеп, 5 істі әкімшілік сотқа жолдады. 1 қылмыстық іс қозғалған. Негізінен заңсыз балық аулау фактілері көп. Жалпы жыл басынан бері облыста табиғат қорғау заңнамаларын бұзған 326 жағдай анықталып, 9 қылмыстық іс сотқа жөнелтілді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу