Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүк тасымалдаған ұшқыштар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүк тасымалдаған ұшқыштар марапатталды

06.03.2023

Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келді. Башар Әл-Асад жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. «Қиын-қыстау шақта қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын-- Сирия халқы жоғары бағалайды», – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ бүгін Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдаған ұшқыштар марапатталды. Президент Жарлығымен олар жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. Ұшқыштар Сирияға - 4 , Түркияға - 2 рейс жасаған. 36/56 әскери бөлімі литерлік авиациялық жасағының кеме командирлері - Берікболсын Хабиболла «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, Құрманғали Топанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Берікболсын Хабиболла, 36/56 Әскери бөлімі литерлік авиациялық жасағының кеме командирі:

Сирия мемлекетіне ұшу кезінде, біз бірінші рет болғандықтан, аэропортпен таныс болмағандықтан қиынға түсті. Новигация болған жоқ. толық қанды қызмет етуге кедергі етеді.

Сондай-ақ бүгін Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға барған құтқарушылар марапатталды. Офицерлер құрамы ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендеріне ие болса, қалғандары «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медальдары мен ведомстволық наградалар алды. Сонымен қатар, құтқару операциясына қатысқандардың барлығына алғыс хаттар табысталды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу