Ресейдің Сахалин аралы маңында бөлінген әрі теңселген мұздың үстінен 40 шақты балықшы құтқарылды. Мұны осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Оқиға Сахалиннің шығыс жағалауында орналасқан «Лесное» ауылы маңында болды. Өзге бір мәліметтерге қарағанда, мұздың үстінде 50 шақты адам қалып қойған. Оларды жағалауға шығаруға күрделі метеожағдай мен қатты жел көп кедергі жасады.
Арыстан Рысбек