Қазақстанға коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Словакиядан келген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ, түнде Алматы әуежайына қонды.
Pfizer компаниясы шығарған екпенің 60 мың дозасы Алматыда қалдырылады да, қалғаны өңірлерге таратылады. Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сүйенсек, «комирнати» бұрын коронавируске қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғандарды ревакциналау үшін ұсынылады. 12 жастан бастап егуге рұқсат етілген. Ол инфекцияның таралуын тежеп, ұжымдық қорғаныс деңгейін нығайтады ең бастысы вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Роберт Кирнаг, Словакияның Астанадағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
Гуманитарлық бұл көмек Словакия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі беки түскенінің белгісі. Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнағынана биыл 30 жыл. «Комирнати» вакцинасы, Pfizer-дің омикронға қарсы өте тиімді екпесі деуге болады. Мақсатымыз - ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Айта кету керек, бұл Словакияның ынтымақтас елдерге жасаған көмегінің ішіндегі ең ауқымдысы.
Нұрсұлтан Тілектес