Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі бойынша арнайы дәріс оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі бойынша арнайы дәріс оқылды

03.03.2023

Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бойынша арнайы дәріс оқылды.

Халықаралық жиынның маңызы мен негізгі мақсаты жан-жақты түсіндірілді. Лектор - Конфессияаралық диалог орталығының директоры Болат Сәрсенбаев. Ол білім алушыларды бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың қазақстандық моделімен таныстырды. Дипломаттың пайымынша, осындай келелі жиындар еліміздің сырт жақтағы жағымды имиджін қалыптастыру үшін аса маңызды.


Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу