Қазақ телевизиясына 65 жыл: Ардагерлер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясына 65 жыл: Ардагерлер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

03.03.2023

Қара шаңырақ – Қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай салада талай жыл тер төккен ардагерлер марапатталды. Отандық телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысқан азаматтар кеудесіне «Еңбек ардагері» медалін тақты. Сонымен бірге «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі де табысталды. «Qazaqstan» телеарнасында қазір қызмет етіп жүрген бірқатар маман «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Телевизия ардагерлері ұлттық арнаның студияларын аралап, ауыр камера мен сымды микрофонның орнына келген сан қырлы техниканың мүмкіндігімен танысты. Мерейтой қарсаңында бүгін салтанатты жиын өтеді.  

Хабарламаларға жазылу