Сайлауда өз учаскеңізде дауыс беруге мүмкіндік болмаса, өзіңізге қолайлы учаскеге тәулік ішінде тіркелуге болады. Бұрын мұндай мүмкіндік сайлау өтетін күнге бір ай қалғанда ғана берілетін. Республикалық «Адал сайлау үшін» штаб мүшелері жаңашылдық іс-сапарда жүргендерге, тіркеуі жоқ азаматтарға қолайлы дейді.
Думан Жанпейісов, республикалық «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:
Үй жағдайына байланысты болмау керек қой дауыс беру деген. Сондықтан мемлекет осындай жағдай жасап отыр. Сайлаушылар үй жайына бар болуына немесе тіркеу бар болуына қарамастан дауыс беруге конституциялық құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беріп отыр. Ол да бір үлкен ынталандыру деп есептеймін.