Қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай сала ардагерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай сала ардагерлері марапатталды

03.03.2023

Қара шаңырақ – Қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай салада талай жыл тер төккен ардагерлер марапатталды. Отандық телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысқан азаматтар кеудесіне «Еңбек ардагері» медалін тақты. Сонымен бірге «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі де табысталды. «Qazaqstan» телеарнасында қазір қызмет етіп жүрген бірқатар маман «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Телевизия ардагерлері ұлттық арнаның студияларын аралап, ауыр камера мен сымды микрофонның орнына келген сан қырлы техниканың мүмкіндігімен танысты. Мерейтой қарсаңында бүгін салтанатты жиын өтеді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Ұлттық арна – қазақ телевидениесінің ұлағатты ұстаханасы, құтты қара шаңырағы. Осыдан 65 жыл бұрын көрерменге жол тартқан телеарна біздің ұлттық рухымызға қызмет етті. 2:00 Ұлттық арнаны телеарнаның эпопеясы деп айтуға болады. Онда әрқайсысыңыздың қолтаңбаңыз бар.

Гүлмәрия Барманбекова, қазақ телевизиясының ардагері:

Менің ұлттық арнам бұған дейін де көрерменді риза етіп келген әрі қарай да сүйіспеншілігіне бөлене берсін. Ұлттық арнамның ұлағаты өсе берсін. 


Хабарламаларға жазылу