Гонконгтың Цим Ша Су ауданында құрылысы аяқталмаған ғимараттың үстінгі қабаттары өртке оранды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, лапылдаған жалын көрші үйлерді де шарпыған. Сондықтан, 100-ден астам адам қауіпсіз жерге жедел көшірілді. Қазір өрттің себебі тергеліп жатыр.