Шымкент қаласының білім басқармасы мектеп асханаларына ешбір негізсіз тексеріс жүргізген. Балаларға ыстық тамақ әзірлеушілердің әрекетін бақылау мектептер жанындағы арнайы комиссияларға жүктелгеніне қарамастан бұл іске басқарманың лауазымды тұлғалары мен әдіскерлері араласқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің анықтауынша, білім басқармасының бұйрығымен мектеп асханаларын жалға алушылар жұмысына 100-ге жуық тексеру жүргізілген. Кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында білім басқарманың асханаларға мониторинг жасау туралы бұйрықтарының күші жойылды.
Ғани Қалмаханов