«Петропавл – Қорған» бағытындағы жолда көктайғақтан кептеліс пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Петропавл – Қорған» бағытындағы жолда көктайғақтан кептеліс пайда болды

02.03.2023

«Петропавл – Қорған» бағытындағы жолда көктайғақтан көлік кептелісі пайда болды. Жүк көліктерінің бірі жол жиегіне де шығып кете жаздады. Бұл тас жолдың ұзындығы 31 шақырым. 2017-жылы оны жөндеу үшін 10 млрд теңге бөлінген болатын. Алайда мердігер мекеме жұмысты соңына дейін жеткізбеді. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы, облыста республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарды тазалауға қазынадан 900 млн теңге бөлінген.

Евгений Прасолов, жүк көлігінің жүргізушісі:

Жүру мүмкін емес. Жол сырғанақ болып қалған. Жеңіл көліктердің өзі әзер қозғалып жатыр. Сағатына 15-20 шақырым жылдамдықпен қозғалып келіміз. Қар тазаланбайды, құм төселмейді. Осы жолмен жиі жүреміз. Ешқандай күтім жоқ.


Хабарламаларға жазылу