Астанадағы локомотив өндірісін дамыту қолға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы локомотив өндірісін дамыту қолға алынбақ

02.03.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Wabtec компаниясының аға вице-президенті Гохан Байханмен кездесті. Онда серіктестікті кеңейту перспективалары мен машина жасаудағы жаңа жобаларды іске асыру жайы талқылады.

Үкімет басшысы машина жасау ел экономикасының қарқынды дамыған салаларының бірі екенін атап өтті. Былтыр өндіріс көлемі 35%-ға өскен. Қазақстан транзиттік жүк ағындарын байланыстыратын ірі көлік тораптарының біріне айналуы тиіс. Гохан Байхан Wabtec компаниясының Астанадағы локомотив зауытына қаражат салғанын хабарлады. Бұл өндірісті кеңейтіп, кәсіпорынның қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.


Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу